Израиль Йемен астанасындағы әуежайды, екі электр станцияны және зауытты бомбалады

Бомбалау, Израиль, Йемен, әуежай, электр станциясы, зауыт , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 20:19 Сурет: видеодан алынды
Израиль әскери-әуе күштерінің (әуе күштері) ұшақтары Сана халықаралық әуежайына, екі электр станциясына және Йемендегі цемент зауытына әуеден соққы берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Masirah телеарнасының мәліметтері бойынша, әуежай жұмысын тоқтатты. Бейбіт тұрғындар мен олардың мүлкіне келтірілетін зиянды мейілінше болдырмау тұрғысында барлық сақтық шараларын сақтай отырып, соққылар мақсатты нысанға бағыттала жасалғаны айтылады.

"Израиль агрессиясы ел астанасы - Санаға қарсы бағытталған",  делінген хабарламада.

Сондай-ақ Израильдің әскери ұшақтары екі электр станциясына да соққы берді: Санхан округіндегі Хайз және Бени-Эль-Харит округіндегі Дхахбан станцияларына. Сондай-ақ Йеменнің солтүстік-батысындағы Омран провинциясындағы цемент зауытына да шабуыл жасалды.

Бұған дейін, сәуірде АҚШ Йеменге әуеден соққылар жасағаны хабарланған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: