АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да шабуыл жасады
РИА Новостиге Сана әкімшілігіндегі дереккөздің хабарлауынша, бұл жолы әуе соққысы қаланың солтүстік бөлігіне соғылды.
Al Manara телеарнасының хабарлауынша, Сана мен Ходейда провинциясының бірнеше аймағында бірнеше күшті жарылыс болды. Телеарна ақпарат көздерінің хабарлауынша, бомбалау нысаналарының арасында Әл-Дейлами әуе базасы, Ходейда әуежайы, жағалаудағы радарлар мен бақылау нүктелері болған.
Байден бұған дейін хуситтер Қызыл теңіздегі шабуылдарын тоқтатпаса, оларды бомбалауды жалғастыруға уәде берген.
12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбританияның Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операция бастағаны белгілі болды. Зымыран соққылары ұшақтардан, жер үсті кемелерінен және суасты қайықтарынан "Томагавк" қанатты зымырандарын қолдану арқылы жасалды.
Кейінірек Йемен елге жасаған шабуылдары үшін АҚШ пен Ұлыбританиядан кек алуға уәде берді.