Әлімханұлы тағы бір мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы рингтегі кезекті жеңісінен кейін қарсыластарына арнап жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Германияның өкілі Винченцо Гуальтиериді нокаутпен жеңіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.
I can't celebrate until I have all four belts! I need WBC and WBA titles! Let's do it in February! I'm not interested in defending my titles! I need other titles! I will knock out any champion!@wbcmoro @WBABoxing @WBCBoxing @trboxing @CarlMoretti @BobArum pic.twitter.com/GM7R37C35q
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) October 15, 2023
"Төрт белбеуді түгел алғанша тойлай алмаймын. Маған WBC және WBA титулдары керек. Осыны ақпан айында жасайық. Титулдарымды қорғауға қызығып отырған жоқпын, маған басқа титулдар керек. Кез келген чемпионды нокаутқа түсіремін", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Сарапшылардың пікірінше, боксшы үндеуін екі нұсқада титулға ие екі боксшыға жолдаған. Олардың біріншісі, WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО). Ал екіншісі – WBA титулының иегері, кубалық спортшы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО).
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript