Грузияда 1 наурыздан бастап бірқатар кәсіп бойынша шетелдіктердің жұмыс істеуіне тыйым салынады

Грузияда 1 наурыздан бастап бірқатар кәсіп бойынша шетелдіктердің жұмыс істеуіне тыйым салынады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 12:18 Сурет: pixabay
Грузияда 2026 жылғы 1 наурыздан бастап бірқатар мамандық бойынша шетел азаматтарының жұмыс істеуіне тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, Грузия үкіметінің арнайы қаулысына сәйкес шектеу курьерлік жеткізу қызметіне, жолаушылар тасымалына (соның ішінде такси қызметіне) және туристік гид қызметіне қатысты.

Тыйым тек жалдамалы еңбекке ғана емес, осы салалардағы кәсіпкерлік қызметке де таралады. Бұл ретте, гид-аудармашылар мен нұсқаушылардың, соның ішінде шаңғы нұсқаушыларының саны 2026 жылы 200 адаммен шектеледі.

Басқа салаларда шетел азаматтарын жұмысқа алу үшін жұмыс беруші еңбек қызметіне рұқсат алу туралы өтініш беруден кемінде 10 жұмыс күні бұрын worknet.moh.gov.ge сайтында бос жұмыс орны туралы ақпарат жариялауы тиіс.

Сондай-ақ 1 наурыздан бастап Грузияда жұмыс істеу үшін барлық шетел азаматтарына арнайы рұқсат қажет болады. Бұл рұқсат еңбек негізіндегі тұруға ықтиярхат алуға негіз болады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтарының Корей елінен ерікті түрде шығу бағдарламасы ақпан айының соңына дейін жалғасатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: