БАӘ Тегерандағы елшілігін жабады

БАӘ Тегерандағы елшілігін жабады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 12:43 Сурет: pixabay
Біріккен Араб Әмірліктері аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын Иран астанасынан қайтармақ.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Тұрғындар тұратын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт халыққа қауіп төндірді.

Бұл ұлттық тәуелсіздікті және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы", деп хабарлады ведомство.

Иранның Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған жаппай соққысынан үш адам мерт болды. Тағы 58 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Шабуыл кезінде Тегеран 165 баллистикалық зымыран қолданған, оның 152-сі жойылып, 13-і теңізге құлаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: