БАӘ-де әскери тікұшақ апатқа ұшырады - қаза тапқандар бар
Сурет: pixabay
Біріккен Араб Әмірліктері аумағында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 9 наурызда елдің БАӘ Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның X әлеуметтік желісінде жарияланған ресми хабарламаға сәйкес, қайғылы оқиға экипаждың әскери міндетін орындау кезінде болған.
"Әскери борышын атқарып жүрген екі әскери қызметкер тікұшақтың техникалық ақауы салдарынан апатқа ұшырап, қаза тапты", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Иранның бірнеше елге қатысты әуе соққылары туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript