Қытайда ерекше жол белгілері пайда болды

Қытайда ерекше жол белгілері пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 12:17 Сурет: Zhihu
Қытайдың Тяньцзинь қаласында жүргізушілерді көлік жүргізу кезінде әзілдесуден сақтандыратын ерекше жол белгілері пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, белгіде жүргізуші мен жолаушының күліп, әзіл айтып отырғанын бейнелейтін карикатура салынған.

Белгінің үстіне: "Көлік жүргізу кезінде әзілдесу – жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді", деген ескерту жазылған.

Сурет: Zhihu

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай ескерту бекер қойылмаған. Қала тұрғындарының бірі күйеуінің көлік жүргізіп келе жатып әңгімеге немесе әзілге жиі алаңдайтынын айтқан. Соның салдарынан ол кейде бұрылыс жолдарын өткізіп алған немесе бағдаршамның қызыл шамында өтіп кеткен жағдайлар болған.

Бұған дейін Иранның бірнеше елге қатысты әуе соққылары туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: