Қытайда үйрек баққан фермер кенеттен олжаға кенелді

Үйрек баққан фермер кенеттен олжаға кенелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 12:42 Сурет: pixabay
Хунань провинциясында тұратын фермер өзі өсірген үйректің ішінен күтпеген жерден алтын түйіршіктерін тауып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, Лю есімді фермер үйректерді өз фермасында еркін жайылымда, өзен маңында өсіреді. Бір күні ол үйректердің бірін сойып, етін бөлшектеп жатқанда құстың асқазанынан сарғыш түсті ұсақ түйіршіктерді байқайды. Кейін олардың жалпы салмағы шамамен 10 грамм екені анықталған.

Фермер табылған заттарды жинап, тексеру үшін мамандарға тапсырған. Сараптама нәтижесінде олардың нағыз алтын екені расталды. Мамандар бұл олжаның құнын шамамен 12 мың юань (яғни 850 мың теңгеге жуық) деп бағалаған.

Белгілі болғандай, фермердің үйректері жайылатын аумақта бұрын алтын өндіру жұмыстары жүргізілген.

Мамандардың айтуынша, үйрек алтын түйіршіктерін өзеннің лайымен бірге жұтып қоюы мүмкін. Металл ағзада қорытылмайды және әдетте құстың денесінен табиғи жолмен шығып кетеді. Сондықтан ол құстарға айтарлықтай зиян келтірмейді.

Бұған дейін iPhone-да жаңа эмодзилер пайда болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: