АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылы бірнеше миллиард долларға түсті

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 11:44 Фото: pexels
АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылы қазіргі уақытқа дейін америкалық қазынаға шамамен 12 млрд доллар шығын әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақ үй жанындағы Ұлттық экономикалық кеңестің басшысы Кевин Хассет CBS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Маған берілген соңғы мәлімет бойынша, шығын көлемі – 12 млрд доллар. Қазіргі таңда жұмсалған қаржы дәл осы мөлшерде", – деді Хассет.

Оның айтуынша, әкімшіліктің операцияны жүргізуге жеткілікті келісілген қаржысы бар. Сонымен қатар қажет болған жағдайда Ақ үйдің тиісті құрылымдары қосымша қаржы бөлу мәселесі бойынша АҚШ Конгресіне жүгінуі мүмкін.

Бұған дейін Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: