Студентті киллерге айналдырды: Мәскеуде алаяқтар зейнеткерді өлтіру үшін 20 жасар бойжеткенді жалдаған

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 12:24 Фото: unsplash
Мәскеуде 20 жастағы студент қыз алаяқтардың тапсырмасымен 59 жастағы әйелді өлтірмек болғаны үшін ұсталды. Қыз әйелдің үйіне балға, тітіркендіргіш газ баллоны және малярлық таспамен келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.ру басылымының жазуынша, оқиға 14 наурыз күні Анохин көшесінде болған. Алаяқтар студент қызды құқық қорғау органдарының штаттан тыс қызметкері екеніне сендіріп, оны арнайы операцияға қатысып жатыр деп алдаған. Олар қызға 59 жастағы мәскеулік әйелді "шетелдік агент" деп көрсетіп, оны жою тапсырмасын берген.

"Үй иесі есікті ашқанда, қыз оған тітіркендіргіш газ шашып, балғамен ұруға әрекеттенген. Зардап шеккен әйелдің туыстары шабуыл жасаушыны залалсыздандырып, полиция келгенге дейін ұстап тұрған", – делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдары "алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін Трамп өзінің жақын кеңесшісінің ауыр дертке шалдыққанын мәлімдегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: