АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүрген зейнеткерге бейтаныс адамдар 500 мың доллар жинап берген

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 13:57 Фото: Zakon.kz
АҚШ-та қаржылық қиындықтарға байланысты жұмыс істеуге мәжбүр болған 78 жастағы курьерге жанашыр жандар 500 мың доллар көлемінде қаражат жинап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Манчестер қаласында болған. New York Post басылымының жазуынша, жергілікті тұрғын Бриттани Смит бейнебақылау камерасынан егде жастағы ер адамның тапсырысты әрең жеткізіп жүргенін байқайды. Оның әр қадамының қаншалықты ауыр екенін көрген ол курьермен жақынырақ танысуды ұйғарған.

Сөйтсе, 78 жастағы Ричард Пуллидің зейнетақы жинағы жоқ болып шыққан. Жұбайы Бренда жұмысынан айырылғаннан кейін, ерлі-зайыптылар күн көру үшін тамақ жеткізу қызметімен айналысуға мәжбүр болған: Бренда көлік жүргізсе, Ричард тапсырыстарды үйлерге апарып береді.

Олардың қиын жағдайын білген Бриттани Смит "Оларға демалатын уақыт келді!" деген ұранмен онлайн түрде қаражат жинау науқанын бастаған. Нәтижесінде, небәрі бірнеше күн ішінде 500 мың доллар жиналған.

Ричард Пулли бейтаныс адамдардың осындай қолдауына қатты әсерленгенін айтты.

"Бізді мүлде танымайтын адамдардың көмектесуге дайын болғаны таңғалдырады. Осындай жомарт жандардың бар екеніне шын жүректен ризамыз", – деді ол.

Бұған дейін Мәскеуде алаяқтар зейнеткерді өлтіру үшін 20 жасар бойжеткенді жалдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: