Таяу Шығыстағы елдердің бірінің әуе кеңістігі бір аптаға жабылды
Фото: unsplash
Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуға салынған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты. Таяу Шығыстағы әуе диспетчерлік саласындағы дереккөздің айтуынша, бұл шектеулерде бірқатар ерекшелік бар, деп хабарлайды Zakon.kz.с
ТАСС агенттігінің жазуынша, ерекшелік ретінде мемлекеттік, әскери және санитарлық авиация рейстеріне, сондай-ақ іздестіру-құтқару мақсатында орындалатын және азаматтық авиацияны басқару органдарының арнайы рұқсатымен жүзеге асырылатын ұшуларға рұқсат берілуі мүмкін.
"Иранның әуе кеңістігі шамамен 29 наурыз, жексенбі күні дүниежүзілік уақыт бойынша 08:30-ға дейін жабық болады", – деді агенттікке берген сұхбатында дереккөз.
Бұған дейін ұшуға қойылған тыйым 22 наурыз таңына дейін күшінде болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript