Иран ядролық нысан орналасқан қаладан эвакуация туралы ақпаратқа түсінік берді

Иран ядролық нысан орналасқан қаладан эвакуация туралы ақпаратқа түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2026 14:21 Сурет: wikimedia
Иран билігі елдің орталық бөлігінде орналасқан, ядролық нысан бар Натанз қаласынан эвакуация жарияланды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az агенттігінің Tasnim-ге сілтеме жасап жазуынша, Иран прокуратурасы мен Ислам революциясы сақшылар корпусының штабы қарсы тараптың насихаты күшейгенін, соның ішінде Натанз қаласынан эвакуация туралы тараған қауесеттерді атап өткен.

Олардың мәліметінше, қалада ешқандай эвакуация жүргізіліп жатқан жоқ.

"Натанз прокуратурасы мен слам революциясы сақшылар корпусы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады", – делінген хабарламада.

21 наурыз күні Иранның Атом энергиясы ұйымы Натанздағы шахид Ахмади Роушан атындағы уран байыту кешеніне Израиль мен АҚШ әскерилері соққы жасағанын хабарлаған.

Иран ядролық нысанға жасалған шабуыл туралы Халықаралық атом энергиясы агенттігін (МАГАТЭ) хабардар етті. Кейін Израиль қорғаныс армиясы бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін және аталған аумақта ешқандай операция жүргізбегенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: