Желіде Дубай мен Шарджа қалаларындағы жарылыстардың видеосы тарауда
Сурет: pixabay
Куәгерлер түнгі уақытта болған жарылыстардың видеоларын бірінен соң бірі жариялап жатыр.
NOW: Smoke rises after explosion in Sharjah, UAE amid ongoing Iranian attack; blasts heard in Dubai pic.twitter.com/6Yz6LeoyTP
— Rapid Report (@RapidReport2025) March 29, 2026
Дубайдың медиа кеңсесі ресми мәлімдеме жасап, қаланың кейбір аудандарында естілген дыбыстар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің нысаналарды сәтті жоюының нәтижесі екенін хабарлады. Алайда пікір қалдырушылар бұл ақпаратпен келіспей, нақты қолға түсіру болғанына күмән келтіруде. Сонымен қатар, X қолданушылары Дубай билігін шынайы ақпаратты жасырып отыр деп айыптауда.
Authorities in Dubai confirm that the sounds heard across parts of the city were the result of successful air defence interception operations. Please rely on official sources for updates.
— Dubai Media Office (@DXBMediaOffice) March 29, 2026
Сондай-ақ, өнеркәсіптік №6 аймақта өрт шыққаны туралы хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, ұшатын нысанның сынықтары Шарджа қаласына құлағаннан кейін өрт тұтанған.
Industry area 6 on fire after debris from drone or missiles fall on to sharjah in the uae. https://t.co/felMCZV7Or pic.twitter.com/HjqwJ7KmQd
— Ali (@MerruX) March 30, 2026
Әлеуметтік желілерде орыс тілді қолданушылар да өз хабарламаларымен бөлісе бастады.

Сурет: Threads

Сурет: Threads
Бұған дейін 23 наурызда Дональд Трамп Иранмен бес күндік бітім жариялағанын мәлімдегенін жазғанбыз.