Шіркеуде Никол Пашинянға шабуыл жасамақ болғандардың әрекеті видеоға түсіп қалды

Шіркеуде Никол Пашинянға шабуыл жасамақ болғандардың әрекеті видеоға түсіп қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 13:35 Сурет: akorda.kz
Арменияда ел премьер-министрі Никол Пашинянға шабуыл жасау әрекетіне байланысты үш адам ұсталды. Бұл туралы республика ІІМ-нің баспасөз хатшысы Нарек Саркисян мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, ұсталғандар барлық қажетті құжаттармен бірге Тергеу комитетіне тапсырылған.

"Бүгінгі оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігінің полиция қызметкерлері бұзақылық және лауазымды тұлғаның заңды қызметіне, сондай-ақ саяси қызметіне кедергі келтіру күдігімен үш адамды ұстады", – деді Нарек Саркисян.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің бірі жексенбілік діни рәсімнен кейін шіркеуден шығып келе жатқан Никол Пашинянға шабуыл жасауға әрекеттенген. Оқиға Facebook желісіндегі тікелей эфир кезінде камераға түсіп қалған. Ал қалған екі күдіктінің әрекеттері видеоға түспеген.

Бұған дейін 2025 жылғы 21 қарашада, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен клеген Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Алтын Қыран" орденімен марапаттағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: