Зейнеткер алаяқтарға ақша орнына дәптер парақтарын берген

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 09:16 Фото: Zakon.kz
Ресейдің Саратов қаласында полицейлер 82 жастағы зейнеткерді екінші рет алдамақ болған алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.ru мәліметінше, наурыз айының соңында әйелге өзін Зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырған адам хабарласып, оған зейнетақысына үстемеақы қосылатынын айтқан. Осы сылтаумен ол зейнеткердің жеке деректерін біліп алған.

Кейін әйелге басқа да "мамандар" қоңырау шалып, оның жинаған ақшасын шұғыл түрде "құтқару" қажет екеніне сендірген. Сол күні оның үйіне бейтаныс ер адам келіп, алдын ала айтылған құпия сөзді атап, 1,5 миллион рубльді алып кеткен.

Алаяқтар мұнымен тоқтамай, зейнеткерге қайта хабарласып, тағы да ақша шешіп алуға көндірген. Бұл жолы олар 700 мың рубль алмақ болған. Алайда полицейлер дер кезінде араласып, әйелге алаяқтардың әрекетін түсіндіріп, күдіктіні қолға түсіру үшін арнайы операция ұйымдастырған.

5 сәуірде зейнеткердің үйіне кезекті курьер – Архангельск қаласының 34 жастағы тұрғыны келген. Әйел оған ақша салынғандай көрінетін, бірақ ішінде кесілген дәптер парақтары бар пакетті берген. Күдікті қашып кетпек болғанымен, сол жерде ұсталған.

Бұған дейін қарапайым бас киімнің бір отбасын сотқа жеткізгені туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: