Айға бағытталған "Artemis II" миссиясы сәтті аяқталды
Сурет: nasa.gov
Айды айналып ұшқан экипаж 11 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего жағалауына жақын Тынық мұхитына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экипаж отырған "Orion" ғарыш кемесінің капсуласы суға қонғаннан кейін, оларды АҚШ Әскери-теңіз күштерінің десанттық кемесі – USS John P. Murtha қарсы алды. Бұл туралы NASA өзінің ресми сайтында және X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Астронавтардың Жерге оралуын тікелей эфирде 3 миллионнан астам адам тамашалаған.

Сурет: Х/NASA
Адамзаттың соңғы 54 жылдағы Айға бағытталған алғашқы ұшуы 1 сәуірде басталды. 10 күнге созылған миссия барысында NASA астронавтары Рид Уайсмен, Виктор Гловер, Кристина Кук және Канаданың ғарыш агенттігінің астронавты Джереми Хансен:
- Айға дейін жетті;
- Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу бойынша рекорд орнатты;
- Бірқатар ғылыми тәжірибелер жүргізді;
- Аман-есен Жерге оралды.
Дегенмен, миссия толықтай мінсіз өткен жоқ. Ұшу кезінде кемедегі дәретхана екі рет істен шыққаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript