Танымал курорт жағалауында көлемі жеңіл көлікпен шамалас ақ акула байқалды
Сурет: sharkcagediving
БелТА агенттігінің Daily Mail-ге сілтеме жасап жазуынша, ұзындығы шамамен 3,6 метр, салмағы 450 келіден асатын акула АҚШ-тың шығыс жағалауы бойымен мыңдаған шақырым жүзіп өтіп, кейін Канаданың теңіз аймағына бет алған.
Оның спутниктік белгісінен соңғы сигнал 23 шілдеде тіркелген.
Мұхитты қорғау және акулаларды зерттеумен айналысатын коммерциялық емес OCEARCH ұйымының мамандары бұл акуланы 2025 жылғы 4 қазанда Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы Махоун-Бэй шығанағында белгілеген. Сол кезде оның арқа жүзбеқанатына спутниктік бақылау құрылғысы орнатылған.
Ғалымдардың айтуынша, Эрнсттің жүріп өткен бағыты Солтүстік-Батыс Атлантикадағы ақ акулалардың көші-қон жолдарын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мамандар мұндай солтүстік бағыттағы маусымдық қоныс аудару ақ акулалар үшін қалыпты табиғи құбылыс екенін атап өтті.
Бұған дейін маймылдың жаңа түрі табылғанын жазғанбыз.