Дубайдан байлар қайда көшіп жатыр
Сурет: pixabay
Financial Times басылымының жазуынша, Парсы шығанағы елдеріндегі, соның ішінде Дубайдағы дәулетті банк клиенттері мен экспаттар Швейцариядағы Цуг кантонына көшу мүмкіндігін жиі қарастыра бастаған.
Басылым мәліметінше, әсіресе шикізат саудасы мен қаржы саласында жұмыс істейтін клиенттер арасында бұл өңірге қызығушылық айтарлықтай артқан. Көпшілігі бизнес жүргізу және активтерін сақтау үшін Еуропада тұрақты әрі сенімді база іздеуде.
Көшіп жатқандардың қатарында ауқатты жеке тұлғалар, отбасылық кеңселер мен компаниялар бар.
Шамамен 135 мың тұрғыны бар Canton of Zug оларды келесі артықшылықтарымен тартады:
- саяси тұрақтылық;
- дамыған қаржы инфрақұрылымы;
- қолайлы салықтық режим.
Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіске Парсы шығанағы аймағындағы геосаяси шиеленістің күшеюі әсер еткен. Соның салдарынан инвесторлар тәуекелдерін әртараптандырып, балама юрисдикцияларды қарастыра бастаған.
Сонымен қатар, Financial Times атап өткендей, бұл жаппай көшу емес. Әңгіме тек ауқатты клиенттер арасында қызығушылықтың артуы және жекелеген көшу жағдайлары туралы болып отыр.
Айта кетейік, 12 сәуірде Венгрия өткен сайлауда оппозиция жеңіске жетті.