АҚШ-та төрт жасар бала абайсызда екі жасар бауырын атып өлтірді

АҚШ-та төрт жасар бала абайсызда екі жасар бауырын атып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2026 10:47 Сурет: freepik
Висконсин штатының полициясы төрт жасар баланың абайсызда екі жасар бауырына оқ атқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының жазуынша, 10 сәуір күні полицияға атыс туралы хабарлама түсіп, оқиға орнына жеткен қызметкерлер екі жасар баланың оқ жарақатын алғанын анықтаған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады – бала оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу мәліметтері бойынша, үш кішкентай бала үйдің жанында тұрған көліктің ішінде болған. Оқиға кезінде ата-анасы үйге қысқа уақытқа кіріп, ұмыт қалған заттарын алып шықпақ болған.

Болжам бойынша, төрт жасар бала көліктің орталық бөлігінде тұрған оқталған қаруды тауып алып, соның салдарынан оқ атылған. Алынған жарақаттан екі жасар бала қаза тапты. Кездейсоқ өтіп бара жатқан куәгер жедел қызметтерді шақырған.

Көлікте болған басқа балалар зардап шеккен жоқ. Полиция бұл оқиғада қасақана жасалған қылмыс белгілері жоқ екенін айтты.

Қаза тапқан баланың отбасы емделу, психологиялық көмек және жерлеу шығындарын өтеу үшін қаражат жинау науқанын ұйымдастырды.

Билік өкілдері отбасының тергеумен толық ынтымақтасып отырғанын атап өтті. Қылмыстық жауапкершілік мәселесі тергеу нәтижесіне қарай қаралатын болады.

Бұған дейін Түркияда мектепте атыс болып, төрт адамның көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: