БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды

БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2026 17:36 Сурет: pixabay
Ормуз бұғазы алдағы айларда ашылмаса, ғаламдық инфляция қазіргі 3,8 пайыздан 4,4 пайызға артуы мүмкін.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп ескертті. Оның айтуынша, әлемде туындаған тыңайтқыш тапшылығы 45 миллион адамның аштыққа ұшырауына себеп болмақ, деп жазады 24.kz.

Гутерриш "Біріккен Ұлттар Ұйымы дағдарысты еңсеру бойынша жоспар құрып жатқанын және Халықаралық теңіз ұйымының бас хатшысы Арсенио Домингес пен Жобалық қызметтер кеңсесінің өкілі Джордж Морейра да Силваны Таяу Шығыс аймағына жібергенін мәлімдеді.

"Таяу Шығыстағы дағдарыс 3 айға созылып барады. Атысты тоқтату келісімі бар десек те, қақтығыс салдары сағат сайын ушығып барады. Мен Ормуз бұғазындағы кемемен қатынау құқығы мен еркіндігінің, мұнай-газ, тыңайтқыштар мен басқа аса қажетті заттардың тасымалының шектелгеніне қатты алаңдап отырмын. Энергетика, транспорт, өнеркәсіп пен азық-түлік нарығы тығырыққа тіреліп, әлем экономикасын тұралатып жатыр. Биылғы ғаламдық экономика өсімі 3,4 пайыздан 3,1 пайызды құлдырайды." Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: