Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысатын әлемдік көшбасшылар белгілі болды
Сурет: akorda.kz
Zakon.kz хабарлауынша, Кремльдің ресми сайтында 9 мамыр 2026 жылы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысатын шетелдік мемлекет басшыларының тізімі жарияланды.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Мәскеуге келетіндер:
- Абхазия басшысы Бадра Гунба жұбайымен бірге
- Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко
- Лаос Халық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулит
- Малайзияның Жоғарғы билеушісі, султан Ибрагим
- Словакия Республикасының премьер-министрі Роберт Фицо
- Оңтүстік Осетия басшысы Алан Гаглоев
- Босния және Герцеговина құрамындағы Республика Сербская президенті Синиша Каран
- Республика Сербская Ұлттық скупщинасының төрағасы Ненад Стевандич жұбайымен бірге
- "Тәуелсіз социал-демократтар одағы" партиясының жетекшісі (Серб Республикасы) Милорад Додик жұбайымен бірге
Бұған дейін Мәскеудегі Жеңіс парадының биылғы өту форматы әдеттегіден өзгеше болатыны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript