Танымал бренд жеке алтын құймаларын шығарды
Фото: пресс-служба Национального банка РК
14 мамырда америкалық Supreme сән бренді алтыннан жасалған шағын құймаларды шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бренд бұрыннан ерекше коллекциялық заттарымен танымал және бұл жолы нағыз алтыннан жасалған, бетіне Supreme логотипі бедерленген шағын құймаларды ұсынды. Жаңа өнім туралы ақпарат брендтің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Жаңа топтамада екі түр бар:
- 1 граммдық құйма (жалпы 1000 дана);
- 1 унция (31,1 грамм) құйма (барлығы 100 дана).
Supreme®/PAMP Suisse Gold Bar
— Supreme Community (@sup_community) May 12, 2026
1g – $298
1 oz. – $5998 pic.twitter.com/Yyz56yLcLd
Әрбір алтын құйма Supreme-нің фирмалық қызыл қаптамасында және түпнұсқалығын растайтын сертификатпен бірге сатылады.
Бұған дейін күмістің бағасы наурыз айынан бері айтарлықтай өскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript