Күншығыс елінде ер адам азулы жыртқыштың құрбанына айналды

Күншығыс елінде ер адам азулы жыртқыштың құрбанына айналды , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 11:02 Сурет: pexels
Жапонияда таулы аймақтан аюдың шабуылынан қаза тапқан тағы бір адамның мәйіті табылды. Ел полициясы бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары Жапонияда аю шабуылынан болатын өлім-жітімнің күрт көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News басылымының мәліметінше, жергілікті билік өкілдері соңғы жылдары елде аюлардың адамдарға шабуыл жасау оқиғалары жиілегенін айтады. Ғалымдардың пікірінше, бұған жыртқыштар санының күрт артуы және ауылдық жерлердегі халық санының азаюы себеп болып отыр.

Елдің солтүстігіндегі Аомори префектурасының билігі 29 маусым күні таудан өлі күйінде табылған ер адамның аюдың шабуылына ұшыраған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның денесінен аюдың тістегеніне тән іздер анықталған.

Жапонияның Қоршаған орта министрлігінің мәліметіне сәйкес, соңғы бір жыл ішінде ел бойынша аюлардың адамдарға шабуыл жасауына қатысты тіркелген оқиғалар саны 50 мыңнан асқан. Бұл екі жыл бұрын тіркелген алдыңғы рекордтан екі еседен де көп көрсеткіш.

Бұған дейін Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде аю адамдар тұратын үйге кірмек болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: