Алматыда арыққа құлаған ер адам қаза тапты

Арык, арыки, арычная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 15:53 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында арықтан ер адамның мәйіті табылып, полиция оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 20 сәуірде Бостандық ауданында болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала анықталғандай, ер адам алкогольдік мас күйінде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның өзге де мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады", – деп түсіндірді ведомствода.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, қайғылы жағдай нөсер жауын кезінде болған.

"Алматыда қайғылы жағдай болды. Арықтан ер адамның мәйіті табылды: оны құбырға тартып кеткен. Арықтағы бітелуді жою үшін шақыртумен келген коммуналдық қызметкерлер қоқыстың орнына адамның мәйітін анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйінде болып, жауын кезінде арыққа құлап кеткен", – деп жазады HALYQSTAN.

Айта кетейік, 16 сәуірден бастап Алматыда қатты жауын-шашын жауып, кейбір аумақтарды су басқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: