Тағы бір альпинист қаза тапты: Эльбрус тауы бір аптада жеті адамның өмірін жалмады

Тағы бір альпинист қаза тапты: Эльбрус тауы бір аптада жеті адамның өмірін жалмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 10:56 Сурет: magnific
Ресейлік құтқарушылар Эльбрус тауында қайтадан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, тағы бір қаза тапқан альпинистің мәйітін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, Эльбрус тауының 5300 метрінде жүрген альпинистер тобы көмек сұраған.

ТЖМ мәліметінше, Ставрополь өлкесі мен Тула облысынан келген екі альпинист өз бағыттарын алдын ала ресми түрде тіркеген.

"Ресей ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жеткен кезде альпинистердің бірінің қаза болғаны анықталды. Қазіргі уақытта екінші альпинисті таудан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиға орнына Ресей ТЖМ-нің Эльбрус жоғары таулы іздестіру-құтқару жасағының мамандары барған. Алайда ауа райының күрт нашарлауы қаза тапқан адамның мәйітін бірден төмен түсіруге мүмкіндік бермеген. Мәйітті таудан түсіру жұмыстары 27 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 08:00-ге жоспарланған.

Бұл Эльбрус тауында бір апта ішінде болған алғашқы қайғылы жағдай емес. Бұған дейін таудан өздігінен түсе алмаған бес шетелдік альпинистің қаза тапқаны хабарланған еді. Осылайша, соңғы бір апта ішінде Эльбрус тауында қаза тапқандар саны жеті адамға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: