Германия Қытай экономикасының осал тұстарын анықтауға кірісті

Германия Қытай экономикасының осал тұстарын анықтауға кірісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 12:03 Сурет: magnific
Германия билігі ықтимал сауда қақтығысы туындаған жағдайда Қытай экономикасының осал тұстарын анықтау үшін қытайлық компаниялардың сауда байланыстарын, жеткізушілерін және қаржылық-шаруашылық көрсеткіштерін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, шетелдік БАҚ бұл жұмыстың ресми түрде жарияланбай, құпия жүргізіліп жатқанын жазады.

Ақпаратқа сәйкес, Германияның мемлекеттік қызметкерлері Қытайдың қай салаларда Германия мен Еуропаның технологияларына, өндірістік компоненттеріне және ғылыми-техникалық әзірлемелеріне тәуелді екенін анықтауға тырысып жатыр.

Сонымен қатар Берлин Қытаймен ынтымақтастықты жалғастыруды қолдайтынын және бұл мәліметтерді жинауды Қытайға қарсы бағытталған дұшпандық әрекет ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті.

Мұндай жұмыстың негізгі мақсаты – қажет болған жағдайда Германияның Бейжіңмен келіссөздерді өзіне тиімді әрі мықты ұстанымнан жүргізуіне мүмкіндік жасау.

Қытай тәуелді болуы мүмкін неміс компанияларының қатарында озық литографиялық жабдықтарға арналған компоненттер өндіретін Trumpf пен Carl Zeiss, микрочип өндірушілері Siltronic, Aixtron, SUSS MicroTec, Infineon, сондай-ақ химия, металлургия және тұрмыстық техника өндірісімен айналысатын кәсіпорындар аталған.

Берлин Қытайға ықпал ету тетігі ретінде тек өнім жеткізуді тоқтатуды ғана емес, сонымен бірге бұған дейін жеткізілген жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді де тоқтату мүмкіндігін қарастырып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: