Аргентинада шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Сурет: eldestapeweb
Қайғылы оқиға туралы Сан-Хуан провинциясының губернаторы Марсело Оррего өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Апат салдарынан қаза тапқандар:
- Сан-Хуан провинциясының Азаматтық қорғаныс басқармасының директоры Карлос Эредиа;
- провинция полициясы бастығының орынбасары Герман Видела;
- өрт сөндіру қызметінің басшылары Рубен Кастро мен Хорхе Карбахаль;
- тікұшақ ұшқышы Матиас Валенсуэла;
- Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттіктің қызметкерлері Андрес Бош пен Родриго Айметта.
Con profundo dolor recibimos la noticia del accidente de helicóptero ocurrido en nuestra provincia, en el que tristemente perdieron la vida siete personas. Entre ellas, Carlos Heredia, director de Protección Civil; el comisario general Germán Videla, subjefe de la Policía de San…
— Marcelo Orrego (@DrMarceloOrrego) July 29, 2026
Алдын ала мәлімет бойынша, Bell 412 тікұшағы орман өрттерін сөндіруге дайындық мақсатындағы оқу-жаттығу жұмыстарына пайдаланылған. Жаттығу аяқталғаннан кейін ол табиғи өртті сөндіру операциясына қатысу үшін көршілес Ла-Риоха провинциясына ұшып баруы тиіс болған.
🟤 @telenocheRos | TRAGEDIA EN SAN JUAN
— elTresTV (@elTresTV) July 30, 2026
🚁 Un helicóptero Bell 412 cayó en el Parque Provincial Ischigualasto y murieron sus siete ocupantes. La aeronave participaba de una capacitación sobre incendios forestales.
👨✈️ El piloto era Matías "Ronco" Valenzuela, quien trabajaba para… pic.twitter.com/sPIYn7U2Qi
Қазіргі уақытта тікұшақ апатының нақты себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Эльбруста қаза тапқан альпинистер өздерімен бірге мысығын алып шыққанын, бүгінде жануардың не өлі не тірі екені белгісіз екенін жазғанбыз.