Қытайдағы алау мерекесінде адамдар күйіп қалды

Қытайдағы алау мерекесінде адамдар күйіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2026 12:04 Сурет: pixabay
Қытайда алау мерекесі кезінде 16 адам күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға Юньнань провинциясындағы Лэфэн елді мекенінде болған. Апат жанғыш сұйықтық құйылған пластик шелек аударылып кеткеннен кейін орын алған.

Оқиға куәгерлерінің бірі түнде көгалда алаумен ойнап жүрген адамдардың видеосын жариялады. Кенет бәсең тарс еткен дыбыстан кейін отты шар пайда болып, маңайдағы адамдар үрейленіп, жан-жаққа қаша бастаған.

Кейбірі жерге құлап, киімдері отқа оранған. Ал куәгерлер өртті сөндіруге әрекет жасаған.

Оқиға салдарынан 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, олардың жағдайы тұрақты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: