Ер адам 9 мың метр биіктікте ұшақтың есігін ашпақ болды - видео

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 10:48 Фото: unsplash
Малайзиядан Үндістанға ұшып бара жатқан 36 жастағы Джамшир Атаникал 9 мың метр биіктікте ұшақтың апаттық шығу есігін ашпақ болған. Оның айтуынша, бұл оған қызық көрінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының The Sun-ға сілтеме жасап жазуынша, әлеуметтік желіде тараған видеодан экипаж мүшелерінің үрейленген жолаушылардың көз алдында ер адамды тоқтатуға тырысып жатқанын көруге болады.

Басылымның мәліметінше, Атаникал апаттық шығу есігін ашпақ болған кезде айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсеткен.

Ақырында экипаж мүшелері мен бірнеше жолаушы бұзақыны ұстап, қолын пластик байламмен байлап тастаған. Кейін ол қамауға алынды.

Ер адам үйіне жаңа туған сәбиін көру үшін ұшып бара жатқан.

Бұған дейін Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазғнабыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: