Бензинге жеңілдік: Жанар-жағармай бағасының күрт өсуі аясында Нью-Йоркте ерекше акция басталды

Бензинге жеңілдік: Жанар-жағармай бағасының күрт өсуі аясында Нью-Йоркте ерекше акция басталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 10:54 Сурет: magnific
АҚШ-та бензин бағасы күрт өсті, қазір оның орташа құны ел бойынша галлонына 4 доллардан асып отыр. Осыған байланысты, Нью-Йорктегі жанармай құю станциясы тұтынушыларға 20 пайыздық жеңілдік ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Washington Post басылымының жазуынша, бензинге жеңілдік алу үшін кез келген сатып алушы дүкенде би билеуі керек.

Биге арнайы талаптар қойылмаған: сатып алушылар дүкенді өздерінің би алаңына айналдыра алады немесе жай ғана иығын қимылдатып билесе болған.

"Олар жанармай құюға келеді, алайда оның құны оларға көңілсіздік сыйлайды. Сондықтан аталмыш акция арқылы көңіл-күйлерін аздап болсын көтергіміз келді",- деп мәлімдеді дүкеннің баспасөз хатшысы Паулина Сиртори.

Өткен аптада дүкен әлеуметтік желілердегі парақшасында үш сатып алушының билеп жатқан видеосын жариялады. Бейнежазба 6 миллионнан астам рет қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына бөленген.


Бұған дейін Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: