Қытайда биіктігі 288 метрлік жеделсаты тауға шығу уақытын алты сағаттан 30 минутқа қысқартты
Сурет: Yunnan Net
Naked Science жазуынша, Юньнань провинциясындағы шалғай Ничжухэ ауылында шатқалдың түбінде биіктігі 288 метрлік жеделсаты іске қосылған. Ол 2022 жылы пайдалануға берілген биіктігі 268 метрлік тағы бір жеделсатының жанында орналасқан.
Жеделсатылар пайда болғанға дейін мектеп оқушылары әр он күн сайын таулы жолмен жүруге мәжбүр болған. Олар мектеп-интернатқа жетіп, үйлеріне қайту үшін бір бағытқа шамамен үш сағат уақыт жұмсайды.
Ауыл шатқалдың түбінде орналасқан, ал Гуаньчжай бастауыш мектебі теңіз деңгейінен 1650 метр биіктіктегі таудың шыңында тұр. Жаңа жеделсаты жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, "әуе мектеп автобусы" деп аталатын көлік жүйесінің бір бөлігіне айналды.
Екі жеделсаты сағатына 1200 адамға дейін тасымалдай алады. Соның арқасында туристік аймаққа келетін адамдардың саны 4 мыңнан 15 мыңға дейін артқан.
Енді оқушылар аптаның басында шағын автобусқа отырып, жеделсатының төменгі станциясына жетеді. Содан кейін бірнеше минуттың ішінде таудың шыңына жақын орналасқан алаңға көтеріледі.
Алайда олардың жолы мұнымен аяқталмайды. Одан кейін балалар мектепке жету үшін шамамен бес минут жүретін аспалы жолды пайдалануы керек.
Дегенмен жаңа жеделсаты ауыл мен тау шыңы арасындағы қатынасты айтарлықтай жеңілдеткен.