Lamborghini бес мың долларға жуық тұратын балалар арбасын шығарды
Сурет: Facebook/lamborghini
Италиялық компания жақында құны 4 900 доллар тұратын балалар арбасын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балалар арбасы брендке тән сары түспен безендіріліп, Y-тәрізді өрнекпен көмкерілген. Сондай-ақ онда автокөлік салонында қолданылатын күдері, табиғи былғары және толыққанды аспасы бар дөңгелектер пайдаланылған. Бұл туралы компанияның сайтында айтылған.
Компания барлығы 500 дана арба шығаруды жоспарлап отыр. Әрқайсысына жеке нөмір және түпнұсқалығын растайтын голограмма беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

