Астанада ер адам дүкеннен брендтік иіс суларды балалар арбасына салып, алып шыққан

Астанада ер адам дүкеннен брендтік иіс суларды балалар арбасына салып, алып шыққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 17:38 Сурет: polisia.kz
Астанада дүкеннен брендтік иіс суларды балалар арбасына салып, алып шыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға сауда желісінің өкілі жүгініп, белгісіз біреу бутиктен иіс сулар мен косметика ұрлағанын, осылайша 350 мың теңгеге жуық шығын келтіргенін айтып арызданған.

Есіл ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның сол жақ жағалауда орналасқан сауда-ойын-сауық орталығындағы косметика бутигіне келгені белгілі болды. Ол сауда залында клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, бірнеше брендтік иіс су мен әр түрлі косметикаларды балалар арбасына салып дүкеннен шығып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: