Берешегі 19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған ер адам қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Астанада алимент төлеуден жалтарған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2015 жылдан бері алимент бойынша берешегі 19 млн теңгеден асқан ер адам анықталған.
"Аудан прокуратурасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу әкімшілік жауапкершілігіне тартылды".Астана қаласының прокуратурасы
Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік немесее 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript