Астанада ер адам гашиш таратқаны үшін ұсталды

Астанада ер адам гашиш таратқаны үшін ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 17:22 Сурет: polisia.kz
Астанада ер адам гашиш таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер жергілікті тұрғынды құжаттарын тексеру үшін тоқтатты. Алайда азамат қатты қобалжып, қашуға әрекеттенді. Дегенмен жедел уәкілдер оны қуып жетіп, ұстады.

Жеке тінту кезінде оның сол жақ күртеше қалтасынан 50 орам есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның гашиш екені анықталды.

Белгілі болғандай 25 жастағы жігіт есірткі затын жасырумен айналысқан. Ол жасырын орындардың координаттарын мессенджер арқылы жіберіп, қала аумағында жұмыс істеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: