Үндістанда пойыз кенеттен рельстен шығып кетті

Үндістанда пойыз кенеттен рельстен шығып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 13:10 Сурет: pixabay
Жексенбі күні таңертең Үндістанның Бихар штатында Ара станциясының маңында Sikkim Mahananda Express пойызының үш вагоны рельстен шығып кетті. Теміржол қызметінің мәліметінше, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV телеарнасының ақпаратына сәйкес, №15483 пойызы Алипурдуар-Джанкшн станциясынан Делиге қарай бағыт алған. Пойыз екінші перроннан шамамен 200 метр жерде рельстен шыққан. Рельстен локомотив, SLR вагоны және H-1 вагоны шықты.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға бағдаршам жүйесіндегі техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Сигнал Сасарам бағытына ауысып кеткеннен кейін пойыз қозғалысын жалғастырып, рельстен шығып кеткен.

Оқиға орнында құтқару және техникалық бригадалар жұмыс істеп жатыр. Мамандар теміржолдың және сигнал беру жүйесінің жағдайын тексеріп, пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа жүйесі зерттеліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: