"Ұйқы чемпионаты": жеңімпазға 6 миллион теңгеден астам сыйақы беріледі
Сурет: pexels
Жапонияда "ұйқы чемпионатына" қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл - ұйқыны ұнататын адамдар арасындағы байқау. Жарыстың жүлде қоры да қомақты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдастырушылардың ресми сайтында хабарланғандай, чемпионат 2026 жылдың 5 қазанында өтеді. Жарыс кезінде арнайы құрылғының көмегімен қатысушылардың ұйқысы 90 минут бойы бақыланады.
Қатысушылардың ұйқысы бірнеше өлшем бойынша бағаланады. Олардың қатарында ұйқының тереңдігі, қанша уақытта ұйықтап кеткені, ұйқының сапасы мен тұрақтылығы бар.
Алайда жарыстың бір ерекшелігі бар. Сайыс кезінде ұйымдастырушылар қатысушыларға әдейі кедергі жасап, олардың тыныш ұйықтауына мүмкіндік бермейді.
Жеңімпазға 2 млн 220 мың иен, яғни шамамен 6 млн 593 мың теңге беріледі. Сонымен қатар екінші және үшінші орын алған қатысушылар да марапатталады.
Бұдан бөлек, "ең терең ұйқы" және "ең ерекше ұйқы қалпы" номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript