Путинцева Уимблдоннан 50 миллион теңгеден астам сыйақы алды

Путинцева Уимблдоннан 50 миллион теңгеден астам сыйақы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 10:52 Сурет: j48tennis
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева негізгі кезеңге қатысқаны үшін 80 мың фунт стерлинг көлемінде кепілдендірілген сыйақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путинцева Уимблдон-2026 турниріндегі жарыс жолын алғашқы кездесуінен кейін-ақ аяқтады. Турнирдің ресми сыйақы қорының бөліну тәртібіне сәйкес, жекелей сындағы бірінші айналымнан аса алмаған теннисшілерге 80 мың фунт стерлинг төленеді. Бұл шамамен 51 миллион теңгеге тең.

Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп. Ал Уимблдон-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры рекордтық 64,2 миллион фунт стерлингті құрайды.

Турнир басталар алдында ұйымдастырушылар сыйақы төлемдерінің толық кестесін жариялаған болатын. Онда Gentlemen’s and Ladies’ Singles бөліміндегі First Round жолында бірінші айналымнан шығып қалған қатысушыларға 80 мың фунт стерлинг берілетіні көрсетілген.

Уимблдон-2026 турнирі Лондонда 29 маусым мен 12 шілде аралығында өтеді. Ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисшілердің әрқайсысы 3,6 миллион фунт стерлинг көлемінде жүлде алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: