Юлия Путинцева "Уимблдон-2026" турнирін алғашқы айналымда аяқтады
Сурет: kff.kz
Әлемнің 84-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон-2026" турнирінің жекелей сынындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 96-орында тұрған германиялық Татьяна Мариядан екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды.
Осы матчқа дейін қос теннисші бір-бірімен алты рет кездескен. Жеке кездесулердегі басымдық Юлия Путинцеваның жағында болып, ол төрт матчта жеңіске жетсе, Татьяна Мария екі рет жеңген.
Енді екінші айналымда Татьяна Мария АҚШ өкілі Ива Йовичпен кездеседі.
Айта кетейік, "Уимблдон-2026" турнирі 29 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Турнирдің қазіргі чемпионы – польшалық теннисші Ига Швёнтек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript