15 альпинист қар көшкінінің астында қалды

15 альпинист қар көшкінінің астында қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 10:55 Сурет: magnific
Қабарда-Балқариядағы Безенги шатқалында қар көшкінінің астында қалған тағы бір альпинистің денесі табылды. Осылайша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Сондай-ақ тағы екі альпинистің тағдыры әзірге белгісіз. 10 қыркүйекте табылған адамның денесі тікұшақпен Нальчикке жеткізіліп, құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары Қазақстан уақытымен сағат 21:00-ге дейін жалғасты. Ауа райының нашарлауына және қар-мұз массасының қайтадан сырғу қаупіне байланысты жұмыстар тоқтатылды. Құтқарушылар жоғалған альпинистерді іздеуді 11 қыркүйекте жалғастырады.

6 қыркүйекте альпинистер тобы Мижирги тауының баурайынан түскен қар көшкінінің астында қалған. ТЖМ мәліметінше, топ құрамында барлығы 33 адам болған. Оның 10-ы өз бетімен шығып үлгерген, тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін альпинистер тобын басып қалған қар көшкініне тау жыныстарының құлауы себеп болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: