1,9 млрд теңгелік ұтысын әріптестерімен бөлісуден бас тартып, бой тасалаған
Фото: pexels
Бұл туралы Mothership басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, Гонконгтың Қоршаған орта гигиенасы департаментінің (FEHD) 53 жастағы қызметкері полицияға арызданған. Оның айтуынша, ол тағы 14 әріптесімен бірге 2026 жылғы 5 қыркүйектегі Mark Six танымал лотереясының ұтыс билетін сатып алуға ақша жинаған.
Билетті сатып алуды 36 жастағы әріптесіне тапсырған. Кейін барлық ұтыс сомасы оның банк шотына түскен.
Ақшаны алғаннан кейін ер адам бірден жұмыстан демалыс алған. Үш күннен соң ғана әріптестерімен байланысып, 10 млн гонконг долларын (650 млн теңгеден астам) өзіне қалдыратынын мәлімдеген. Ол мұны билетті сатып алуды өзі ұйымдастырғанымен түсіндіріп, қалған соманы өзгелердің арасында бөлуді ұсынған.
Бұл шешім ұжымда үлкен жанжал туғызған. 10 қыркүйек күні кешке ұтысқа қатысушылар мәселені шешу үшін 30 минуттық жиналыс өткізген. Алайда лотерея билетін сатып алған ер адам ақшаны теңдей бөлуден үзілді-кесілді бас тартып, жұмысқа келмеуін жалғастырған.
Әріптестері оның барлық ақшамен қашып кетуінен қауіптеніп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Полиция 36 жастағы ер адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады. Қазір ол қамауда отыр.