Ақтөбеде бір айда 6 ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 10:23 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде бір айда алты ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті компьютерлік клубтан Sony PlayStation-5 ойын приставкасын ұрлаған кезде ұсталды.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің әртүрлі жерлерде жасалған тағы бес ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Ұрланған заттардың қатарында сауда үйінен жасырын әкеткен күрте, дәріханадан ұрланған 150 мың теңге, сондай-ақ автокөліктен ұрланған телефон бар.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Заттай айғақтардың бірқатары тәркіленді, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: