Су тиген сайын денесі бөртеді: 27 жастағы қыздан сирек кездесетін аллергия анықталды

27 жастағы қыздан сирек кездесетін аллергия анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 10:52 Сурет: pexels
Мәскеулік 27 жастағы қыз әлемдегі ең сирек кездесетін аллергия түрлерінің біріне шалдыққан. Ол суға аллергиясы бар екенін балалық шағында білген. Ата-анасы шомылғаннан кейін оның терісінде ерекше реакция пайда болатынын байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымы Shot-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тексеру барысында мәскеулік қызға аквагендік есекжем диагнозы қойылған. Мұндай жағдайда суға тиген кезде, оның қайдан алынғанына немесе температурасына қарамастан, теріде тітіркену пайда болады.

Бұл реакция тер, сондай-ақ көз жасы тиген кезде де байқалуы мүмкін.

Жарияланымда:

"Әлемде бұл аурудың ресми түрде тіркелген шамамен 100 жағдайы белгілі", – делінген.

Мәскеулік ыздың айтуынша, ол үнемі бөртпелермен және осы ерекше диагноздың басқа да салдарымен күресіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: