Сегіз жастағы баланың денесі мұздатқыш камерадан табылды: сот процесі жүріп жатыр
Фото: pixabay
Oxu.Az басылымының мәліметінше айыптау тарапының нұсқасы бойынша, отбасы бір жыл бойы баланы тамақтан шектеп, жиһазға шынжырмен байлап, ұрып-соққан.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, бұған дейін баланың салмағы шамамен 90 келі болған және ол ашығудың салдарынан азып кеткен.
Қайтыс болған кезде баланың салмағы 29 келіге дейін түсіп кеткен.
Сот отырысында отбасының досы 2025 жылдың күзінде бала ұрып-соғудан кейін құлап, басын соғып алғанын айтты. Алайда ата-анасы полицияға хабарлауға және медициналық көмекке жүгінуге қорыққан. Бала алған жарақаттарынан қайтыс болғаннан кейін ата-анасы оның денесін ас пленкасына орап, мұздатқыш камераға салып қойған.
"Олар менен дәл осы қызметті сұрамақ болған. Денеден құтылуға көмектесуімді өтінбек болған", – деді отбасының досы сотта.
Егер сотталушылардың кінәсі дәлелденсе, олардың әрқайсысына 32 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.