Саңырауқұлақ теруге шыққан ер адамның аяғын жолбарыс жұлып алып, орманға сүйреп әкеткен

Жолбарыс саңырауқұлақ терушінің аяғын жұлып алып, орманға сүйреп әкеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 11:08 Сурет: pexels
Үндістанда жұмысшы орманда жабайы жолбарыстың шабуылына ұшырап, қаза тапты. 45 жастағы ер адам таңертең ерте саңырауқұлақ теруге орманға кеткен. Оның ұзақ уақыт бойы оралмағанына алаңдаған отбасы дабыл қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, жоғалып кеткен ер адамды туыстары ауылдастарымен бірге түнге дейін іздеген. Іздеу жұмыстары таңертең қайта жалғасқан.

Арада бір тәулікке жуық уақыт өткенде ер адамның денесі өлі күйінде табылды. Қаза тапқан адамның аяқтары денесінен ажырап қалған, ал бір аяғын жолбарыс тағы 12 метрге сүйреп әкеткен.

Полиция мен орман күзеті қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, тиісті хаттама толтырған. Мамандардың анықтауынша, ер адам саңырауқұлақ теріп жүрген кезде оған жолбарыс шабуыл жасаған.

Оқиғадан кейін қаза тапқан адамның отбасына өтемақының бір бөлігі төленді. Қалған сомасы барлық қажетті құжаттар рәсімделгеннен кейін беріледі.

Бұл жағдай жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Себебі көптеген адам отын және маусымдық жемістер жинау үшін осы орманға барады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: