Жапония шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейтпек

Жапония шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейтпек, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 12:18 Сурет: pexels
Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте 20-орында тұр. Ол Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Mainichi басылымының мәліметінше, енді Жапонияда тұруды жоспарлаған көптеген шетелдік азаматтар үшін бұл мүмкіндікті алу қиындай түсуі мүмкін. Ел билігі тұрақты тұруға рұқсат алу үшін төленетін мемлекеттік бажды 20 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Қазір оның мөлшері 10 мың иен (шамамен 28 мың теңге) болса, 200 мың иенге (шамамен 560 мың теңге) дейін көтеріледі.

Ал кәсіпкер ретінде резидент мәртебесін алу үшін қажетті капитал мөлшері алты есеге артып, кемінде 30 млн иенді (84 млн теңге) құрайды.

Сонымен қатар өзгерістерге болашақ зейнетақы мөлшеріне қатысты талап енгізіледі. Атап айтқанда, адамның болашақ зейнетақысы оның табыс деңгейінде 30 жыл бойы қызметкерлердің зейнетақы жүйесіне жарна төлеген жағдайда алатын сомасына сәйкес болуы керек.

2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша Жапонияда 940 мыңнан астам адамның тұрақты тұру мәртебесі болған. Тұрақты тұрғындар Жапонияда тұратын 4,12 миллионнан астам шетелдік азаматтың ішіндегі ең көп санды топты құрайды.

Тұрақты тұруға рұқсат алған адамдар елде шектеусіз уақыт тұрып, кәсібін еркін таңдай алады. Сондай-ақ оларға тұрғын үй несиесін алу жеңілдейді, бұл болашақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Көптеген адам осы мәртебені алу үшін Жапонияда жылдар бойы жұмыс істеген.

Бұған дейін Еуропалық Одақ елдері де мигранттар ағынына байланысты жаңа шаралар дайындап жатқаны хабарланған еді. Бірқатар елде мигранттарды қайтару орталықтарын құру жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: