Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің финалына шыға алмады

Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің финалына шыға алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2026 11:58 Сурет: X/abnamroopen
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жартылай финалда 25 жастағы канадалық Феликс Оже-Альяссимнен жеңілді.

Феликс Оже-Альяссим отандасымызды 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Матч небәрі 55 минутқа созылды.

Қазіргі уақытта Александр әлемдік рейтингте оныншы орында тұр.

Еске салайық, Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында сербиялық Александра Круничпен бірге жеңіске жеткенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: