Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиада-2026-да 1/8 финалға дейін жетті

Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиада-2026-да 1/8 финалға дейін жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2026 15:19 Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасының фристайл-могулдан көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Параллель могул сайысының 1/16 финалында қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды жеңді.

Келесі қарсыласы — Олимпиада чемпионы, үш дүркін Олимпиада жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды.

Ширек финалға жолдама беретін жарыста тәжірибелі канадалық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026-дағы жарыс жолын аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: