Бублик Роттердамдағы турнирдің ширек финалына шықты
Сурет: Instagram/hkto.mens
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда қазақстандық спортшы германиялық Ян-Леннард Штруффты 7:6 (7:2), 4:6, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды. Келесі кезеңде Бублик испаниялық Хауме Муньярмен кездеседі.
Бұған дейін Рыбакинаны жеңген Мбоко қазақстандық теннисшімен өткен матч туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript